Жаңа жыл қарсаңында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрайымы Роза Қуанышбекова ұжымды алда келе жатқан мерекемен құттықтады.
Әріптестерін келе жатқан 2021 жылмен құттықтап және осы жылға қорытынды жасай отырып, Роза Тохтаналиевна осы жылдың бәріміз үшін оңай болмағандығы, алайда ұжымымыздың алға қойылған барлық міндеттерді табысты орындап шыққандығы туралы атап өтті. Ол әріптестеріне атқарған еңбектері үшін алғыс білдіріп, келе жатқан жыл табысты және ұжымның барлық белгілеген мақсаттарды жүзеге асыратындығына сенім артты.
Институттың бірінші басшысы 2020 жылғы жұмысындағы үздік көрсеткіштері үшін клиниканың ең үздік мамандарына сертификаттар тапсырды. Үздіктердің үздігі болып Рүстем Төлеутаев, кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі және Шахмурат Ярмахамет, рентгенэндоваскулярлық операция жасау блогының орта медицина қызметкері атанды.
Мекеме басшысы әріптестеріне жаңа жылдың есігін жағымды көңіл-күймен ашуға тілек білдіре отырып, «Жаңа жыл әр отбасына, әр үйге денсаулық, табыс, байлық әкелсін және ертеңгі күн сенімге, тұрақтылық пен келісімге толы болсын!» деген тілек білдірді.