Жаңа жыл балалары бар отбасылар үшін сиқыршы болуға мүмкіндік береді

Жаңа жыл балалары бар отбасылар үшін сиқыршы болуға мүмкіндік береді

Жаңа жыл «күн шуақты» балалар бар отбасылар үшін сиқыршы болуға мүмкіндік береді.

Ал, кеше Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов қызметкерлердің балаларын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, оларға сыйлықтар табыстады. Ата-аналардың айтуынша, балалар тілек білдіріп, армандаған сыйлықтарын күтті. Және олар қалаған сыйлықтарын алды. Олардың қуанышында шек болған жоқ.

Марат Орынбасарұлы балаларға бақытты балалық шақ тіледі.

Мұндай сәттерде ересектер де, балалар да ертегіге сенгісі келеді және тілектерінің орындалуына үміттенеді.