Жалпы практика дәрігерлерінің, терапевт, пульмонологтардың назарына!

Жалпы практика дәрігерлерінің, терапевт, пульмонологтардың назарына!

🏥 Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ағымдағы жылдың 16-28 қыркүйек аралығында «Терапевт дәрігердің тәжірибесіндегі тыныс алу органдарының аурулары» тақырыбында біліктілікті арттыру циклі өткізілетіні туралы хабарлайды.

✅ Циклдің ұзақтығы: 2 апта, 120 сағат.

✅Оқыту форматы: күндізгі, қашықтықтан оқыту.

Цикл оқытушысы:

✅ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жетекші пульмонологы, терапевт дәрігер,м.ғ.д., профессор Сәуле Қасенова,

📚 Оқыту барысында цикл қатысушылары тыныс алу органдары ауруларының өзекті мәселелері, олардың диагностикасы, емдеуі (амбулаториялық, стационарлық), болжамы, алдын алу және оңалту туралы дәріс алады.

✅ Цикл аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі құжат -біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі.

Барлық сұрақтар жөнінде Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім департаментіне хабарласа аласыз,📞📞: 8 727 2330068, 8 747 9346 598 - Гульсан Гайбирановна.