Жедел миокард инфаркті бар пациенттерді емдеудегі кардиологиялық оңалту


Жүрек-қан тамырлары аурулары дамыған елдерде өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Олар денсаулыққа зиян келтіреді және көбінесе ауыр және қайтымсыз физикалық және неврологиялық мүгедектікке әкеліп соғады.



Кардиологиялық оңалтудың негізгі міндеті - пациенттің өмір сүру сапасын жақсарту. Бұған дәрілік терапиямен қатар қауіп факторларын жою, оның ішінде өмір салты мен тамақтану режимін өзгерту, жаттығу жасауды бастау керек. Пациенттерге психологиялық қолдау қажет.



Физикалық белсенділіктің болмауы сырқат адамдарда ғана емес, сау адамдар арасында да ауыру мен өлімнің ең күшті болжамы ретінде танылды. Миокард инфарктісін бастан өткерген және кардиологиялық оңалту бағдарламасына кірген пациенттерде өлім-жітім 63% - ға төмендейтіні дәлелденді.  



Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология және оңалту бөлімшесінің кардиолог дәрігері Әсел Ілиясованың айтуынша, жедел миокард инфарктінен кейін пациенттер оңалтуға жіберілуі тиіс. Қазақстанда барынша танылған әлемдік практика ретінде кардиологиялық оңалтудың үш кезеңдік жүйесі қабылданған.



«Біздің клиникада біз пациенттерге жүрек-қан тамырлары жүйесін қалпына келтіруге бағытталған кешенді емдеуден өтуді ұсынамыз. Бұл қалпына келтіру емі, медициналық оңалту, физиотерапиялық емшаралар, сонымен қатар психотерапевттің сеанстары», - дейді дәрігер.



I кезең жедел миокард инфарктімен ауруханаға жатқызу кезінде қарқынды терапия бөлімшесінде бірінші тәулікте науқасты белсендіруден басталады.



II кезең - стационарлық кезең. Бұл науқастың әдеттегі өмір салты мен жұмысына оралуы үшін, дәрі-дәрмектік терапияға және өмір салтын өзгертуге үйретуге, қауіп факторларын түрлендіруге бағытталған кешенді оңалту. Көбінесе жастар жедел миокард инфарктімен ауырады. Сонымен қатар бұл кезеңде психотерапевтпен жұмыс жүргізіледі. Пациенттерге психологиялық қолдау ретінде арт-терапия жүргізіледі. Институттың психотерапевт маманы ауыр кардиологиялық аурулармен ауыратын науқастарға өзін-өзі алып жүру, релаксация дағдыларын үйретеді.



Физикалық белсенділік қалыпты қарқындылық пен жиілікті, қысқа мерзімді жаттығулардан басталады. Қалыпты дене белсенділігінің ауқымы жасына қарай түзетіле отырып, ең көп жүрек соғысы жиілігінің 55-70%-на сәйкес келуі керек. Мұның бәрі кардиолог және реабилитолог дәрігердің, сондай-ақ тәжірибелі емдеу дене шынықтыру  нұсқаушыларының бақылауымен кардиологиялық оңалтудың 2 кезеңінде жүзеге асырылады.



III кезең – бұл пациенттің реабилитолог дәрігермен амбулаториялық жұмысы. Ол дене белсенділігін нығайтуға және жақсартуға бағытталған.



Осылайша, бүкіл әлемде жүргізілген зерттеулер жедел миокард инфарктін бастан өткерген адамдарда оңалтуды ерте бастау қажеттілігін растайды. Жүрек-қантамыр ауруларының қаупі жоғары және өте жоғары кардиологиялық пациенттерде емдік, оңалту және білім беру іс-шараларының кешені емдеу мәселелеріне оң көзқарасты, тұрмыста және жұмыста дұрыс мінез-құлықты қалыптастыруға және сол арқылы қайталама профилактиканың дәрілік және дәрілік емес әдістеріне бейілділікті едәуір арттыруға; физикалық жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіруге, өмір сапасы мен психологиялық мәртебені жақсартуға, еңбекке оралуды 30-70%-ға дейін арттыруға және еңбекке қабілеттілікті сақтау тиімділігіне; жалпы өлім-жітімді кемінде 20%-ға және кардиоваскулярлық өлімді 26%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.