Жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар Алматыда үдемелі жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеу мәселелерін талқылауда

Жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар Алматыда үдемелі жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеу мәселелерін талқылауда

Бүгін Алматыда Қазақстанның, АҚШ, Түркияның және Швейцарияның кардиология, интервенциялық кардиология және кардиохирургия саласындағы жетекші сарапшыларының қатысуымен «Үдемелі жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеу» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Іс-шараны Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, «University Medical Center» корпоративтік қоры және Қазақстан жүрек қызметінің жеткіліксіздігі қоғамы ұйымдастырды.

С. Асфендияров ат. ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов құттықтау сөз сөйледі.

Марат Шоранов өз сөзінде «Созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі проблемасы денсаулық сақтау жүйесі мен жалпы қоғам үшін аса маңызды болып отыр. Пациенттердің осы контингентін ауруханаға жатқызудың жиілігі, өлім-жітім санының артуы, емдеу мен оңалтуға кететін қомақты шығындар денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай ауыртпалық әкеледі», - деп атап өтті.

«Үдемелі жүрек қызметі жеткіліксіздігін емдеуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Жаңа дәрі-дәрмектер, инновациялық технологиялар, имплантация құрылғылары пайда болды, жүрек трансплантациясы даму үстінде. Алайда, біздің алдымызға ерте сатысында диагностика жасау, пациенттердің емделуге бейімділігін арттыру, жүрек қызметі жеткіліксіздігінің болжамын жақсарту үшін жаңа жоғары технологиялық құрылғыларды енгізу сияқты маңызды мәселелер тұр», - деді Марат Едігеұлы.

КІАҒЗИ бірінші басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі - жүрек-қан тамырлары ауруларының жиі кездесетін асқынуларының бірі, сонымен қатар өмір сапасының төмендеуінің және өлім-жітім санының артуының басты себептерінің бірі. Сондықтан бүгінгі өткізіліп отырған конференция аса өзекті болып табылады. Қазақстандық және шетелдік кардиология және кардиохирургия мамандарының СЖЖ бар пациенттерді диагностикалау мен емдеудегі өзара іс-қимылы мен тәжірибе алмасуы біздің пациенттеріміздің өмірін ұзартуға және өмір сапасын жақсартуға, науқастарға көмек көрсету жүйесін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

UMC Басқарма төрағасының орынбасары Махаббат Бекбосынова үдемелі жүрек жеткіліксіздігі бойынша жұмыс тобы Пациенттерді басқарудың бірыңғай бағдарламасы мен клиникалық хаттамасы әзірлегенін, Қан айналымын механикалық қамтамасыз ету бойынша науқастардың бірыңғай тізілімі жасалғанын, имплантацияланған құрылғысы бар науқастардың Бірыңғай күту жүйесі құрылып жатқанын айтты. «Бұл шаралардың барлығы заманауи стандарттар мен озық клиникалық тәжірибелерді ескере отырып, пациенттерге күтім көрсетуді оңтайландыруға және емдеу нәтижелерін жақсартуға бағытталған», - деді дәрігер.

Конференция аясында секциялық отырыстар өтуде, онда қатысушылар LVAD имплантациясына пациенттерді қалай іріктелетіндігін айтып, Астана, Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында имплантация жасау тәжірибесімен бөлісті (LVAD тек осы қалаларда жасалады), операциядан кейінгі кезеңнің негізгі ерекшеліктерін, амбулаториялық жағдайда пациенттерді бақылау мәселелерін, сондай-ақ LVAD имплантациясынан кейін пациенттерге күтім жасаудағы мейіргерлердің рөлі және т.б. мәселелерді талқылады.

Конференция жұмысына қатысқан қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Ертең Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да пациенттерге кеңес беру, LVAD механикалық құрылғысын және Мitraclip имплантациялау операциялары бойынша шеберлік кластар өтеді. Mitraclip - бұл операция Алматыда алғаш рет профессор Maurizio Taramasso (Цюрих, Швейцария) басшылығымен жүргізіледі. Бұл MitraСlip жүйесінің көмегімен митральды қақпақшаның эндоваскулярлық клиптеу. MitraClip ашық хирургиялық операция жасауға болмайтын пациенттерге жүрек жұмысын жақсартудың жалғыз мүмкіндігі болып табылады. Бұл аз инвазивті процедураны қолдану пациенттің қалпына келу кезеңін қысқартуға мүмкіндік береді, науқастың жағдайының жақсаруы анестезиядан шыққаннан кейін бірден сезіледі. Науқастар тез жазылады. Олардың өмір сүру сапасы едәуір жақсарады, ентігу азаяды, жаттығуларға төзімділік артады, медициналық көмекке жүгіну жиілігі төмендейді. Айта кету керек, 2020 жылы MitraClip құрылғысы ең жақсы медициналық технология ретінде Рrix Galien USA (Нобель сыйлығының баламасы) сыйлығымен марапатталды.

LVAD имплантациялау операциясы Анкара (Түркия) профессоры Umit Kervan   қатысуымен СЖЖ диагнозымен жүрек қызметі төмендеген 51 жастағы пациентке жасалады.